Kyzylorda-news.kz Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйдегі жылу радиаторы қабырғаларының арасына 7 жастағы қыздың аяғы кіріп кетіп, қысылып қалған.
– Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ, - делінген хабарламада.
Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.
Фото: ҚР ТЖМ