Kyzylorda-news.kz Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.

Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ

Тағы да оқыңыз: