Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының жиілеп кеткені жасырын емес. Бұған көлікті масаң күйде басқару, жылдамдықты шамадан тыс арттыру себеп болып отыр. Қолда бар мәліметке көз жүгіртсек, жол жүру ережесін бұзу бойынша 47 308 дерек тіркелген. Ал масаң күйде көлік жүргізген 150 азамат анықталып, жаяу жүргіншіге жол бермеу бойынша 1026 дерек тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция қызметі басқармасының басшысы Дәурен Мырзалыұлы мәлімдеді.
– Жол қауіпсіздігін бақылау, назарда ұстау бағыты бойынша біршама жұмыс атқарылуда. Көптеген жерде бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатаржылдамдық өлшеудің автоматтандырылған 10 «Ekin Patrol G2», және 21«VUEWO» бейне бақылау жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ биыл 20 «Зияткерлік қылмыс», 55 «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» және 1400-ден астам бейнекамера орнатуға жергілікті атқарушы органнан қаражат қарастырылды. Оған қосымша 5 дана «Erkin Patrol G2» автоматтандырылған құрылысын алуға ұсыныс берілді, – деді Дәурен Мырзалыұлы.
Облыстық полиция департаменті аймақта жол апатының алдын алу мақсатында ұдайы жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырады. Сондай-ақ, әр апта сайын потрульдік мобильді кешендермен елді мекендерді аралап, рейдтік шаралар ұйымдастыруда.
Мерейім ӘЛІБАТЫР,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
ІІ курс студенті