Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады. 

Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп сора өсімдігі тәркіленді. Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz

Тағы да оқыңыз: