Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысында тергеушілер слеті өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы мен Қызылорда облысы полиция департаменті бірлесіп, тергеушілер слетін өткізді. Слетқа негізінен тергеу және анықтау саласының жас мамандары, Заң ғылымдарының докторы, профессор "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясының эксперты Е.О.Алауханов, Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, ІІ дәрежелі "Айбын" орден иегері, Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, "Қорқыт Ата" атындағы университетінің аға оқытушысы Ғ.С.Отарбаев, Болашақ университетінің Құқықтану мамандығының 3-4 курс студенттері, тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуымен қылмыстық іс жүргізу барысында жүйелі түрде орын алатын проблемалық мәселелер талқыланды. Мақсат -  қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелерін талқылау, тергеу сапасы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Іс-шараның бірінші кезеңін Қызылорда облысының прокуроры Р.Ожаров пен полиция департаментінің бастығы С.Ергешов ашып, қылмыстық істерді тергеудің жүйелі проблемалық мәселелеріне тоқталды және оларды тиімді шешу жолдарын ұсынды. Бірінші кезең қатысушылардың пікірлерін ашық айтып, қызу талқылау мен әділетті әрі тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру туралы ортақ шешімге келуімен аяқталды. Слеттің екінші кезеңі Қызылорда облысы полиция департаментінің арнайы жаттығу алаңында жалғасын тапты.

Бұл кезеңде тәжірибелі тергеушілер жас мамандарға Кибер саласындағы қылмыстардың орын алуы және оларды ашу жолдары, пәтерде орын алған кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға орнын қарап-тексеруден мастер класс өткізді. Слет нәтижесімен қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген тергеушілер Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының "Алғыс хатымен" марапатталды. Тергеушілер слеті жыл сайын тергеушілер күні қарсаңында, яғни 6 сәуірде дәстүрлі түрде өткізілуде.

Тағы да оқыңыз: