Kyzylorda-news.kz Қылмыстың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, “Түнгі қала” жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді. 

 Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен жауапты мекеме өкілдері түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру деректерін анықтау бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізді. 

Рейд қорытындысымен түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын жайдан тыс жүрген 147 жасөспірім анықталды. Аталған құқық бұзушылықтарға жол берген ата-аналар мен заңды өкілдерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 21 ата-анаға әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. 

Полиция ата-аналарды балалардың жүріс-тұрысына бейжай қарамай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Фото: Polisia.kz

Тағы да оқыңыз: