Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты бұзудың алдын алу, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, тәлімгерлік институттар кеңінен қолданылуда.
Осы орайда Департаментте Полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлының төрағалығымен өткен кеңесте 2 мәселе қаралды. Бірі – жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу мәселесі болса, екіншісі ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы қабылданып жатқан ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың шолуын жеке құрамның назарына жеткізу.
«Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды. Сондықтан да Департамент басшылығы жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарын басты назарда ұстайды» – деді О.Омаров.
Фото: Qyzylorda PD