Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы сауда орындары мен базарларда 5 желтоқсаннан бастап күнделікті «ПИРОТЕХНИКА» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. 

Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде өрт оқиғаларын болдырмау және жарақат алу жағдайларының алдын алу мақсатында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындардан пиротехникалық бұйымдарды сатып аларда өнімнің сертификатталғанына назар аударуларын сұраймыз. Міндетті түрде пайдалану нұсқаулығын мұқият оқу қажет. Сондай-ақ, тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға, бөлме ішінде, қауіпті аймақта пайдалануға, адамдарға қарай бағыттауға, тұтанбай қалған жағдайда оны қарау үшін еңкеюге мүлде болмайтындығын еске саламыз!

 

Тағы да оқыңыз: