Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаменті 2025 жылдың 8-10 қазан аралығында қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша облыс көлемінде 899 қару иесі тексерілді. Нәтижесінде 52 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Атап айтқанда:
- ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша – 13 азаматқа,
- 484-бап (қаруды сақтау ережесін бұзу) бойынша – 27 азаматқа,
- 486-бап (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) бойынша – 12 азаматқа әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Аталған шара қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті қару иелерін өз атына тіркелген қарудың сақталу және пайдалану тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Қызылорда облысында «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.jpg

Тағы да оқыңыз: