Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығына күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады.
Наурыз айының 7-8 күндері аралығында екі қала тұрғыны 102 арнасына орын алған пәтер ұрлығы туралы арызданған: 2 млн теңге және алтын бұйымдар ұрланған.
Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұры түнгі уақытта үйдің пластик терезесін бұзып кіріп, құнды заттарды қолды еткен.
Сонымен қатар, күдіктінің жыл басынан орын алған бұдан бөлек 3 ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге 10 миллион теңгеден аса залал келтірілген.
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Фото: Қызылорда облысының Полиция департаменті