Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған «Т» есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, ол 9 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2016 жылдан бастап берешек сомасы 8 173 713 теңгені құрады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 26 мамырдағы үкімімен борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: freepik.com