Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 36 жастағы ер азамат «телеграмм» месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: