Kyzylorda-news.kz Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсаты. Оларға артылатын жүк ауыр. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті сақтауда әрдайым шепте тұратын олардың қызметі қашанда өзекті.

Осы тұрғыда Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қарасты барлық учаскелік полиция инспекторларымен кездесіп, олардың жұмысымен танысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрімен өткізілген жиындағы учаскелік полиция инспекторларына берілген тапсырмаларды және «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде атқарылған жұмыстардың жай-күйі туралы мәселелері талқыланды.

Полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы азаматтардың өтініштеріне жедел жауап берудің, профилактикалық жұмысты арттырудың және халықпен тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды.

Ол учаскелік полиция инспекторларының қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды буын екенін, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі тұрғындардың тыныштығы мен әл-ауқатына әсер ететінін атап көрсетті.

Министрмен қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларға тоқталып, жіті түсіндірді. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің жүктелген жауапкершілікті арттырып, адал әрі нәтижелі жұмыс жасауларына септігін тигізері анық.

Жиналыс барысында Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Ермахан Әділханұлы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтудің және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып, әр учаскелік инспектордың жауапты көзқарасы құқық тәртібін нығайтуда елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Встреча с участковыми инспекторами полиции 1.jpeg

Тағы да оқыңыз: