Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қадағалаусыз қалуының алдын-алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған, қолайсыз және әлеуметтік осал отбасыларда тәрбиеленетін балалардың алдын-алу іс-шараларын жүйелі түрде жүзеге асыруда.

​«Жыл  басынан бері басқарманың «102» арнасына үйінен шығып кетіп, қайта оралмады деген 22 хабарлама тіркелген. Аталған 22 хабарлама бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде, яғни 23:00-ден кейін қоғамдық орындарда анықталған 9 кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің   442 бабы 2 бөлігімен әкімшілік шара көрілді. 6 жасөспірімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қалған 16-на қатысты құжаттар жинақталып, номенклатуралық іске жолданды. Бірнеше мәрте белгісіз бағытқа кетіп қалу деректерін қайта қайталап жасағаны үшін 1 жасөспірім Басқарманың БДБ есебіне алынып, қазіргі таңда Девиантты мінез құлық балаларға арналған мектеп интернатына жатқызылды, одан бөлек ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігімен әкімшілік шара көрілді», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

2024 жылдың төрт ай қорытындысымен қадағалаусыз және панасыз қалған 110 жасөспірім ​ Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

– «Үйден кетудің себептері әртүрлі. Кейбір балалар қаңғыбастыққа бейім немесе еркіндіктің дәмін татқысы келеді. Әсіресе ата-аналармен жанжалдан кейін. Құрметті ата-аналар  сіздерден балаларыңыздың уақытын бақылауды және оларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз»,- дейді басқарма бастығы  Айдар Демегенұлы.

Тағы да оқыңыз: