Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы полиция қызметкерлері арасында қызметтік тәртіпті нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Кадр қызметі Ішкі істер органдары жүйесінде маңызды болып табылады. Себебі кадр даярлау ісі мұқияттылықты талап етеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары ауқымды.

Бүгін, басқарманың жеке құрамының кәсіби қызметтік және жауынгерлік даярлық сабағында 3 тақырып бойынша қаралды. Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік Кодексінің талаптарына түсіндірме жүргізу, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы арасында болып жатқан төтенше жағдайлар бойынша жүргізілген шолумен таныстыру. Сондай-ақ, 25 мамыр Қызылорда қаласында орналасқан жалпы білім беру ұйымдарында бітіруші түлектерді шығарып салу іс-шарасы өтуіне байланысты басқарманың жеке құрамы күшейтілген жұмыс атқаруына орай жасалған жоспарды және қызметкерлерге нұсқаулық жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды.

Қала орталығында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің жұмыстары, олардың азаматтармен дұрыс қарым-қатынасты болуы барлық басшылық тарапынан және басқарманың кадр бөлімшесімен қатаң бақылауға алынған.
 

Тағы да оқыңыз: