Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жеке құрамының қатысуымен кәсіби қызметтік және жауынгерлік даярлық сабағы өтті.
Онда тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесі қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Жеке құрамының кәсіби қызметтік және жауынгерлік даярлық сабағында 3 тақырып қаралды. Екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істерін тергеу ерекшеліктері, ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ 01.08.2023 жылғы 62/140 қбпү бірлескен бұйрық негізінде Көші-қон арнасында шетелдіктер мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жедел іздестіру және жедел профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезіндегі ҰҚК мен ІІМ өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы, Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу жөніндегі арнайы операцияларды өткізу кезінде жеке құрамды басқару тактикасы және әрекет ету техникасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды.
- Біздің жұмысымыздың нәтижесі қызметкерлердің кез-келген жағдайда қызмет атқаруға даярлығына байланысты-азаматтарымыздың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз ету. Бүгінде полиция ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби-адамгершілік, патриоттық тәрбиесін арттыруға және тәлімгерлікке көп көңіл бөлеміз. Қала орталығында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің жұмыстары, олардың азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болуы барлығы басшылық тарапынан бақылауға алынған,− дейді тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков.