Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 125-1-бап – «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілді.

Бұл бап бойынша қалыңдық ұрлауға қатысты жауапкершілік бірнеше есе күшейтілді:

🔹 1-бөлім:

➤ 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (~7,8 млн тг)

➤ немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

🔹 2-бөлім:

➤ Қорқыту, күш қолдану, кәмелетке толмағандарды тарту

➤ 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

🔹 3-бөлім:

➤ Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе немесе өлім жағдайы болса –

5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады.

Енді тараптардың татуласуы жауапкершіліктен босатпайды!

Заң баршаға ортақ. «Дәстүр» деген – зорлықты ақтау емес.

Қыздың келісімінсіз неке – бұл құқық бұзу, ал алып қашу – қылмыс!

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: