Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес наурыз айының 21-31 аралығында облыс көлемінде  "Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – әкімшілік аймақты  аралау,  есепте тұрған адамдарды тексеру, темекі өнімдерін заңсыз сату, белгіленген уақытта алкоголь өнімін сату бойынша дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу,  уақытша тіркеуде тұрған шетел азаматтарын тексеру, құқық  бұзушылықтардың алдын алу  болып табылады.  Іс –шара басталғалы 1508 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды,   оның ішінде, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің 195 дерегі, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың 7 дерегі, түнгі мезгілде заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 368 кәмелетке толмаған  анықталды.  

355 тұрғын үй және жалға берілетін 152  пәтер тексерілді. Сонымен қатар, шара барысында 15  суық қару алынды. Криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы  Департамент бастығының қатаң бақылауында.

 

 

Тағы да оқыңыз: