Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы көше мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін бөлініс қызметкерлері үшін  саптық жиын өткізді.  

 Іс-шараның мақсаты көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Іс-шара барысында 1538 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның қоғамдық орында спирт ішімдігін ішудің 103 дерегі, ұсақ бұзақылық – 48, масаң күйде автокөлік басқарудың – 3 дерегі анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке 45 жүргізуші тартылса, мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап – тексеруден өтпеген 9 автокөлік анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру бойынша – 46 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 250 
(ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) аныктады.

Арнайы рейдтің барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 162 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, 46 жасөспірім – түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болған және заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген. ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 16 ата-анаға әкімшілік шара көрілді.

 Тәртіп сақшылары іс-шараның  нәтижесімен есірткі затты тасымалдау және сақтау бойынша – 1 және атыс қаруын сақтағаны үшін 7 дерегі тіркелді.

Сондай-ақ, 47 автокөлік айып тұрағына қойылып, 26 автокөліктің мемлекеттік белгілері алынған.

Қызылордалық полицейлер қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтіп, заң талаптарына бағынбаған азаматтар  жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Тағы да оқыңыз: