Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық – техникалық жоғары колледжінде орналасқан «Айқын» бастауыш партия ұйымында тақырыптық қабылдау өтті.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткен қабылдауға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық, қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің облыс бойынша департаменті, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, «Отбасы банкі», Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры облыстық филиалдары өкілдері мен заңгер - медиаторлар қатысып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары, Тұрғын үй, Зейнетақы жарналары, Банк заңдылықтарына енгізілген өзгерістер, толықтырулар, медиация қызметі және оның тиімділігі аясында ақпараттар беріп, келушілердің ұсыныс –тілектерін тыңдады.
«Құқықтық көмек» жобасының басты мақсаты: азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататын азаматтарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу, тұрғындардың сұрақ-сауалдарына заңгер, басқа да сала мамандарымен кеңінен түсіндірме, жауаптар беру.
Тақырыптық қабылдау барысында жобаның маңыздылығын кеңінен таныстырған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова өткен жылы жоба аясында атқарылған жұмыстарды жеткізді.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы халық сұранысына ие. Өткен жылы облыс көлемінде жоба аясында 123 қабылдау өткізіліп, 363 мәселе қаралды. 51 тұрғынға жан-жақты кеңес беріліп, 37 тұрғынға заңгерлік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, түрлі салалық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мене толықтырулар, олардағы талаптармен айқындалған жеңілдіктер, басқа да қажетті ақпараттар жайлы сала мамандарымен көпшілікке кеңінен түсіндіріліп, кеңестер берілді. Атап айтсақ, ауыр қызметтерде жұмыс жасайтыныдардың зейнетке ерте шығу заңдылықтары, жол көлік ережелері, құрылыс нормалары, жұмыспен қамту бағдарламалары, т.б. сұрақтар таныстырылды», - дейді Ләйлә Төрешова.
Атап өтейік, бүгінгі тақырыптық қабылдауға 70 - тен астам азамат қатысып, жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде өздеріне қажетті ақпараттар алды.
