Kyzylorda-news.kz.  Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сот залына журналистерді кіргізбеді. БАҚ өкілдері үшін хабар тарататын арнайы монитор ұйымдастырылды.

Прокурор іске қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Оның сөзінше:

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген.
Бишімбаев әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржылай өзіне тәуелді еткен.
Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық күш қолданған.
2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына бұл туралы айтқан. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген.
2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге үгіттейді. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастыра берген.

Сотқа келген Нүкенованың басқа бөлмедегі туыстары шу шығарып жатқаны мәлім. Cот тыныштық сақтауды сұрады.

Фото: kazinform.kz

Тағы да оқыңыз: