Kyzylorda-news.kz Тұмса табиғатты тұншықтырмай, оның реңін бұзбаған ләзім. Адамзатқа аманат болған жер-ананы көркейту – өркениетті қоғамның талабы. Мұны жете түсінген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында мекеме аумағына сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық жұмысы барысында мекеме қызметкерлері айналаны қоқыстан тазартып, сыртқы аумақты сыпырып, шөптерді орып, ортақ іске білек сыбана кірісті. Аумақты жасыл-желекке бөлеу мақсатында ағаш та отырғызылды. Мұның бәрі қызметкерлердің құлшыныспен және бірлесе әрекет етуімен жүзеге асты.

– Қоршаған ортаның тазалығы мекеменің де, қоғамның да мәдени деңгейін көрсетеді. Сондықтан аумақты күтіп ұстау, оны үнемі ретке келтіру – ортақ жауапкершілік. Бүгінгі сенбілік аясында қызметкерлер белсенділік танытып, мекеме аумағын тазалау мен абаттандыру жұмыстарына жұмыла қатысты. Атқарылған іс – ұжым ішіндегі ынтымақты да күшейтетіні сөзсіз, - дейді мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Айбол Махашев.

Департамент ұжымы алдағы уақытта да "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына атсалысуды жалғастыра бермек. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға деген құрметтің белгісі. Департамент ұжымы да табиғатты қадірлеуді ұмытпайтындарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: