Kyzylorda-news.kz  Қоғамда тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қылмыстың алдын алудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы Қазалы ауданының полиция бөлімі мәлімдеді.

Қазалы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде құқық қорғау саласының қызметкерлерімен күшейтілген режимде рейдтік жұмыстар жүргізілуде. 

Қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында күнделікті бірқатар әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталуда. 

2024 жылдың 21 сәуірдегі ахуал бойынша Қоғамдық қауіпсіздік саласында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі – Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша 4 азаматқа 36920 теңге көлемінде айыппұлмен шара көріліп, 434-2 бабы, 1-бөлігінде (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) 4 адамға 73840 теңге, 437-бабы, 1-бөлігі бойынша (Тыныштықты бұзу) 2 тұлғаға 18460 теңге айыппұл салынды. 

ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы, 1-бөлігінде (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша 2 азамат жауапкершілікке тартылған. 

Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды орындамау, яғни 593-бабы, 2-бөлігі бойынша 3 тұлғаға 27690 теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Тәртіп сақшыларымен жұмыстар барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимдегі жұмыстар күнделікті жалғасады. Қоғамдық келісімді және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуының аса маңызды шарты болып табылады. Батыр бабамыз, Бауыржан Момышұлы айтқандай: "Тәртіпке бағынған құл болмайды". Елімізде қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы кемел болашақтың кепілі десек, артық емес! Олай болса, елімізде қоғамдық тәртіптің сақталуына мемлекеттік органдармен қатар Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосу қажет. Сондықтан, баршаңызды қоғамдық тәртіпті орнатуда жауапкершілікте болуға шақырамыз. 

 

Коллаж: Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Тағы да оқыңыз: