Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері жыл басынан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

«Допинг» тақырыбында Қызылорда облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және Қызылорда желілік полиция бөлімі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының мамандары мен кинолог мамандар бірлесіп, арнайы аумақта тінту шараларын жүргізді. Нәтижесінде есірткі табылған жоқ.

Алайда заңсыз қару бойынша жедел ақпарат түскен жағдайлар кездесті.  Жедел бөлім қызметкерлері оқиға орнына жедел тергеу тобымен бірге барып, қарумен бірге оқтар тапқан. Айғақ заттар Шымкент-Самара тас жолында, нақтыласақ, Белкөл кентіне қарасты Әзербайжан көпірінің сол жақ төңірегінен анықталды. Жедел ақпаратты тексеру барысында талдың  арасынан ақ матаға оралған ұңғысы кесілген 16 калибрлі аңшы мылтығы  және үш оқ шықты. Бұл дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылды. Сонымен бірге мекемеге келетін сәлем-сауқатты тексеру барысында жедел бөлім қызметкерлерінің жедел ақпаратына  сәйкес жаңғақ ішіне жасырылған 8,59 гр өткір иісті марихуана белгілі болды.

Аталмыш бөлім қызметкерлері – өз ісінің білікті мамандары. Олар өз қызметтерін тыңғылықты атқарғандықтан, рұқсат етілмеген заттардың анықталуы азайған. Қылмысты ашуда, қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен қатар, жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес.

№68 мекеменің Жедел бөлім қызметкерлері өз міндеттерін мүлтіксіз атқарғаны үшін марапатталып, еңбектері бағаланды.

Мөлдір Жолдасбекқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Тағы да оқыңыз: