Қазалы аудандық партия филиалы жанынан құрылған арнайы топ мүшелері аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді.
Топ құрамы ең алдымен, Әйтеке би кентіндегі "MARLEN" және "ARZAN" сауда орталықтарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бағамдады. Зерделеу барысында анықтылғандай, азық-түлік қоры жеткілікті, баға тұрақты. Дегенмен, негізгі тауарлар бағасын тұрақты ұстау мәселесі бойынша кәсіп иелеріне қосымша түсіндірме жасалды.
Топ мүшелері кезекті зерделеу жұмыстарын дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғастырды. Жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.
Еске салсақ, өткен жылдың сәуір айынан бастап аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында жыл соңына дейін түнгі рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келді.
Осы уақыт ішінде жасөспірімдерді тәртіпке шақыруды көздеген рейд жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табады. Жыл басындағы алғашқы құрамның жетекшісі – аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов.
Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарынан басталған түсіндірме жұмыстары тойханалар мен мейрамханаларда да жалғасты. Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға түсіндірме, ата-анасына ескерту жасалды.
Дәурен Оңғарбайұлы бастаған құрам қатарында аудандық мәслихат депутаты, дербес бөлім, Әйтеке би кенті мамандары, аудандық полиция бөлімі және мектеп директорлары болды.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық тәртіпті бақылап келген рейд бұдан кейін бей-берекет тасталған қоқыстарды, шет аймақтарға төгілген кәріз суларын, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау үшін де жұмыс жасайтын болады.
 

Тағы да оқыңыз: