Kyzylorda-news.kz Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде 28 қаңтар-3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Оған барлығы 507 адам жұмылдырылды. Іс-шараның 5-ші күнінде учаскелік инспекторлар 141 рет рейдтік мақсатта аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ полиция есебінде тұрған адамдардың мекен-жайын 1 544 мәрте тексерді. 206 құқық-бұзушылық дерегі анықталып, әртүрлі шара қабылданды. Оның ішінде 196-бап тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 5 дерек, 200-бап алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сату бойынша 13 дерек тіркелді. Ал 440-бап алкогольдік ішімдік iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу 142 дерек, 440-1-бап есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну 3 дерек, 434-бап ұсақ бұзақылық 34 дерек, 463-бап тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асырудың 9 дерегі анықталған. Ішкі істер органдары есебіне 13 маскүнем мен 1 нашақор есепке қойылды.
Күннің суық мезгілінде суықтап қатып қалмау мақсатында қаламыздағы белгілі тұрағы жоқ 10 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Бұдан басқа 19 жасөсіпірім, оның ішінде 12-сі түнгі сағат 10-нан кейін көңіл көтеру орнында заңды өкілінсіз жүргені үшін ұсталса, 2-еуі маскүйінде қоғамдық орында жүрген. 5 жасөспірім түнгі уақытта ата-анасының ескертуінсіз көшеде жүргені үшін бейімдеу орталығына жеткізілді.
Өтіп жатқан іс-шараны халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпараттар құралдарына 69 мақала жарияланды.
