Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының халықтық қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинары жалғасып жатыр.
Қатысушылар бюджетті есептеуді, кірістер мен шығыстарды салыстыруды, жеке қаржыны және депозиттер, несиелер, ипотека және т.б. қаржы құралдарын басқаруды үйренуге ынталы.
Бүгін партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинарының жаңа аптасы басталды.
Бұл аптада Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өтеді. 5 күндік семинардан білімін жетілдірген азаматтарға оқу курстарынан өткенін растайтын сертификаттар табысталатын болады.
Фото: Аманат партиясы