Kyzylorda-news.kz Қармақшы аудандық Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Халық Заңгері» республикалық акциясы өтті. Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат келіп, елдің ең үздік заң өкілдерінен тегін қажет кеңес ала алады. Олардың арасында – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдар басшылары мен басқалар.

Науқанды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, zakon.kz жүйелі басылым, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қазақстанның мемлекеттік билік органдары және ең үздік заңгерлер мен адвокаттар. 

Акция аясында аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, ауданаралық Әділет департаменті, аудандық мемлекеттік кірістер департаменті және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, заңгерлер мен адвокаттар халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсетті.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шарада 30-ға жуық маман әр түрлі сала бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заңгерлік кеңес берді.
Шараға қатысушылар қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсіндірме алды.
 

Тағы да оқыңыз: