Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің106-бабының 2-бөлігінің 7)-тармағымен кәмелетке толмаған  сотталушы А.-ға қатысты іс қаралды. Бұл туралы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады

17.01.2009 жылы туған сотталушы А. 26.10.2024 жылы сағат 20:30 шамасында көше бойында бұзақылық ниетпен, өзімен бірге алып жүрген қайшының бөлігімен оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-нің арқа тұсынан бір рет тығып, ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Сотталушы А.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының  2-бөлігінің 7)-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: