Kyzylorda-news.kz   Жалған риелторлар бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

  Тергеу барысында алаяқтардың "Отбасы банкінде" ипотекалық қарызды тиімді шарттармен рәсімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырғаны анықталды. Мәселен, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған. Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған.

Кінәлі деп танылған тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алуы арқылы 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденуге мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді. Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты. Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді. Материалдық залал сотталғандардан өндірілді.

Қала прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, ұсынылатын қызметтердің дұрыстығына көз жеткізуге, жалған байланыстар мен таныстар сылтауымен тиімді мәмілелер ұсынатын адамдарға сенбеуді ескертеді, себебі бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

Фото: dauletten.kz

Тағы да оқыңыз: