Kyzylorda-news.kz  Қазіргі таңда аудан көркіне көрік беретін кәсіпкерлік нысандардың қатары көбейіп келе жатыр. Халыққа қызмет ететін ғимараттардың тазалығы, сыртқы келбеті, санитарлық талапқа сай болуы қажет. Осы ретте, Сырдария аудандық полиция бөлімі және  аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп Тереңөзек кентінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талапқа сай болуы, сыртқы келбеті, маңдайшалардың әріптері түскен жазуларды қалпына келтіру, тазалық жұмыстарының жасалуы.

– Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрісінісі кент келбетінің көркіне әсер етеді. Сонымен қатар, халыққа қызмет ететін нысандардың айналасын ретке келтіріп, тазалап отыруы маңызды. Бүгінде кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында ғимараттың санитарлық талапқа сай болуын, сыртқы көрінісін, тазалық жұмыстары туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Талапқа сай келмейтін кәсіпкерілік нысан иелеріне ескерту жасалды. Ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерін ғимараттарының сыртқы келбетін таза ұстауға шақырамыз, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі әдіскері Әділет Қуанышұлы.

Тағы да оқыңыз: