Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Жиынға тәрбие саласының мамандары қатысты.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралып, ата-аналарға әкімшілік шара қолдану, баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру және жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.

Жасыратыны жоқ, бүгінде бала тәрбиесі қоғамдағы ең өзекті мәселеге айналуда. Балалардың мектеп қабырғасындағы тәртібінен бөлек, түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеде жүруі де көп кездесетін жайттың бірі. Отырыста сала мамандары бала тәрбиесін түзеу бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын баяндады.

Осы орайда комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

Тағы да оқыңыз: