Kyzylorda-news.kz  Әділет департаментінің негізгі бағыттары – ұлттық заңнаманы қалыптастыру және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Әділет органдарымен мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі. Заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркейді. Биыл облыс бойынша 46 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайғанын көрсетеді. Бұл туралы облыстық әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева мәлімдеді.

– Әділет департаменті өзіне жүктелген міндеттерді орындауда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Қызмет барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына басымдық беріле отырылып, департаменттің жұмысы жоспарлы түрде жүргізілді. Заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркейді. Биылғы жылы облыс бойынша 46 заңды тұлға тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайған. Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Заңгерлік қызмет көрсету саласы тоқталып өтейін. Облыс бойынша Адвокаттардың жалпы саны –159 құрайды. Әділет департаментімен 80 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасалған.6679 азаматқа заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілді. Облыста 73 жеке сот орындаушы жұмыс жасайды, оның ішінде 14-і аудандарда, 59-і Қызылорда қаласында орналасқан. Жеке сот орындаушылар бағытындағы басты жаңалықтың бірі Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды. ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады. Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары қаржысын үнемдей алады, –деді Ирина Жұмабайқызы.

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз: