Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция жүргізді.
Қызылорда қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан ғимараттардың қабырғаларынан 30-дан астам граффити-жазулар жойылды.
Акция мақсаты - есірткіні жарналамайтын және насихаттайтын (жылдамдық, меф, крек, ұн, альфа – pvp және т.б.) қайдан сатып алуға болатыны көрсетілген интернет және телеграмм арналардың мекен жайлары бар граффити жазуларын қала аумағындағы тұрғын үйлер, ғимарат қабырғаларынан анықтап, граффити жазуларын өшіру.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес “Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау” үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Егер бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған болса, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

