Kyzylorda-news.kz Партияның қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті.

Алдымен мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер талқыланды.

Фракция отырысына партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев қатысты.

 – «Мемлекет басшысының Жолауда атап өткеніндей Атом энергиясын пайдалану дамыған экономикалық мемлекеттерде кеңінен қолданылуда. Қазірде АЭС салу мәселесіне байланысты жалпыхалықтық референдум өткізілу жоспарланып отыр. Уран өндіруден еліміз алғашқы орында. Сондықтан, АЭС салу мәселесі де келешек ұрпақ үшін жарқын болашақтың кепіліне айналары анық. Бүгінде ғалымдар АЭС салу мәселесін жан-жақты саралай отырып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сатыларына мән беруде. АЭС экологиялық тұрғыда таза, қолайлы әрі қаншама азаматтарды жұмыс орнымен қамтымақ. Оның ішінде ғылыми жолда еңбек етіп жүрген жастарамыз да бар,» – деді.

Фракция отырысында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мәселелер талқыланып, тоғыз бағыт бойынша фракция мүшелері пікір алмасты. Соның ішінде темір жол саласындағы өзекті мәселелер, тариф құнын реттеу, темір жол құрылысын жүргізу бойынша фракция мүшесі, темір жол саласының ардагері Ибраким Асқарұлы Басықараев пікір білдірді.

Ал білім саласындағы реформалар бойынша фракция мүшесі Айгүл Нажмадинқызы Мұсабаева пікір білдірді.

«Өздеріңізге белгілі келер жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы болып жарияланды. Білім саласындағы ең маңызды мәселенің бірі – жастарды кәсіптік-техникалық мамандықтарға баулу. Себебі еңбек адамдары қашан да ел экономикасында ілгері күшке ие»,-деді фракция мүшесі.

Жиында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева:

«Мемлекет басшысы Жолдауда «Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының жалпы нәтижесінің жаман еместігі, енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажеттілігін атап өтті. Ауылдың әлеуетін арттыруға арналған тиімді бірегей жоба жеке кәсіпкерге 8,6 млн. (2024 жылы: 9,2 млн.) теңге, өндірістік кооперативке 28 млн.(2024 жылы: 29.5 млн.) теңгеге дейін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие алып, өз ісін бастауына үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, «Amanat» партиясы ұсынған азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасын атады. Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажеттілігіне тоқталды»,-деді.

Тағы да оқыңыз: