Kyzylorda-news.kz Есірткісіз болашақ – әрбір адамның арманы және бүкіл қоғамның ортақ мақсаты. Қазіргі таңда есірткі мәселесі әлемдегі ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Ол адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өміріне, отбасына және болашағына қауіп төндіреді.

Менің ойымша, әрбір жас есірткіден аулақ болып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені есірткіге тәуелділік адамның арманы мен мақсатына жетуіне кедергі жасайды. Жастар бос уақытын спортпен айналысуға, кітап оқуға, білім алуға және пайдалы істерге арнағаны дұрыс.

Есірткімен күресу тек бір адамның міндеті емес. Бұл – ата-ана, мектеп және бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Біз жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, салауатты өмір салтын насихаттауымыз қажет.

Қорытындылай келе, есірткісіз болашақ құру – өз қолымызда. Әрбір адам «Біз есірткіге қарсымыз!» деген ұстанымды қолдаса, еліміздің болашағы жарқын болады. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

Гүлсезім Орал, 
№152 орта мектебінің 9 "а" сынып оқушысы

Сурет ғаламтордан

Тағы да оқыңыз: