Kyzylorda-news.kz  Болашақ әр адамның арманы мен үмітінің жалғасы. Ал сол болашақтың жарқын болуы бүгінгі қоғамның, әрбір азаматтың таңдауына байланысты. Дені сау, білімді, тәрбиелі жастар еліміздің болашағы. Сондықтан есірткісіз қоғам құру баршамызға ортақ міндет.

Қазіргі таңда есірткі мәселесі қоғамды алаңдататын өзекті тақырыптың бірі. Есірткі адамның өміріне үлкен зиян келтіріп, оның денсаулығын бұзып қана қоймай, арманы мен мақсатына жетуіне кедергі жасайды. Әр адам өз болашағы үшін саналы таңдау жасауы керек.

Жастар бос уақытын пайдалы істерге арнағаны дұрыс. Мысалы, спортпен айналысу, кітап оқу, жаңа білім алу, өнер үйрену адамның дамуына көмектеседі. Сонымен қатар достарды дұрыс таңдап, жаман әдеттерден аулақ болу маңызды. Өйткені жақсы орта адамның өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.

Есірткісіз қоғам құруда отбасы, мектеп және мемлекеттің рөлі ерекше. Ата-ана баласына дұрыс тәрбие беріп, қолдау көрсетіп, жаман жолдан сақтауы керек. Ал мектеп оқушыларына саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіруі қажет. Мемлекет те нашақорлықпен күресіп, есірткі таратқандарға қатаң шара қолдануы тиіс.

Менің ойымша, әрбір жас өз болашағын бағалап, денсаулығын күтуі керек. Біз білім алып, еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосуымыз қажет. Өмірдің басты құндылығы денсаулық, бақыт және жақсы таңдау.

Біз жарқын болашақ үшін бүгіннен бастап дұрыс қадам жасауымыз керек. Есірткіге жол жоқ!

Салауатты қоғам – жарқын болашақ!

Нұрсұлтан Аманов, 

Қызылорда облысы, 

Шиелі ауданы, 

Жөлек ауылы, 

№152 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы,

Фото: Ғаламтордан

Тағы да оқыңыз: