Kyzylorda-news.kz Ерте, ерте, ертеде, Айна атты ауылда мамыражай өмір сүріп жатқан бір елде бір топ дос болыпты. Олар сол ауылдың ең ақылды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін балалары екен. Сол ауылда Шприц пен Ине, ал көрші Шығанақ ауылында Қошан атты бай өмір сүріпті.
Оның көптеген қатігез, мейірім қасиеті жоқ Героин, Экстази, Кокаин атты достары болыпты. Олар өздерін ГЭК деп атады. Бай Қошанда дәулеті көп еді, сонда да байлық атаулысына тоймай жер бетіндегі бар ақшаны иемденгісі келді. Бір күні Қошан өзінің қызметшілерін – ГЭК достарын шақырып алып, өздерін сатып, ақша алу үшін көрші қалаларға баруды бұйырды. Ал сатып алу үшін қарапайым халықты алдау керек. Олар адам миына сыймайтын ереже ойлап тапты.
Халық ГЭК тобының бұйрықтарын орындамаса, оларды суға батырып, жер бетінен жоятынын айтты. Олар арам ойларын Көктем ауылы тұрғындарына пайдаланамыз деп шешті. ГЭК тобының алғаш танысқандары Шприц пен Ине болды. Олар аяқ астынан дос бола қалды. Иә, олардың достық бастауы таң қаларлық емес еді. ГЭК, Шприц және Ине ұлдар мен қыздар десе шекелері тыржиып, оларды тіпті жек көретін. Арам пиғылдарын іске асыру үшін сол ауылдың балаларын алдауды бастап кетті. Тіпті болашақтарың жарқын болады, керемет өмір алда деп іздеріне ертеді.
Ауылдың аңғал балалары оларға әбден алданып, аты өшкір наша түрлерінен сатып алады. Ақшаны бала қайдан тапты десеңіздер, олар өте еңбекқор болатын, ауылында сойған малдардың терісін өткізіп, даладан темір қалбыр теріп, оны өткізіп өз керек-жарақтарына жұмсайтын, ата-аналарын қуантатын. Жауыз, адам аямайтын, алаяқ, өтірікші ГЭК тобының қанжығалары майланып, мол олжаға әрине арам олжаға ие болды.
Тапқан ақшаларына мәз болып Қошан сараңға табыстайды. Шприц пен Ине тынымсыз жұмыс істеді. олар балалардың бойын нашаға әбден үйретіп, миларын улады. Бар – жоғы он күннің ішінде балалар жаман нәрсеге үйреніп, өздерін ерекше әлемде жүргендей сезінді. Әттең , оның арты жақсылыққа апармас еді. Ақшаларының түбі көрініп, нашалары қолжетімді болмаған кезде олардың бойын үрей билеп, қаралай адам кейпінен шығып, өздерін өте нашар сезінетін. Аты өшкір ГЭК тобы оларды жаман істерге итермелеп, тағы сатып алуға көндіргілері келеді. Арада ай артынан ай өтіп, балалардың бірі ауыр дертке шалдығады.
Бұл балалардың іс әрекеттерін байқап, бірақ айтуға қорқып жүрген достары дабыл қағады. Бұл жанашырлық белгі ауыл үлкендерінің құлағына жетті. Олар тез арада жан жақтан мамандар шақырып, көмек сұрайды. Ауыл үлкендері, достары бірігіп, есірткімен күресуге кірісті. Ауылдың ақжарқын балалары ГЭК тобын, Шприц пен Инені ұстады. Тез арада ауыл шетіне от жағып аты аталған жауыздарды өрттің ортасына тастады.
Ал Шприц пен Ине өмірінің соңына дейін абақтыға қамалды. Арам Қошан бұл жағдаятты естіп, жиған – терген арам олжасын жинап елден қашып кетті. Тапқыр балалар үлкендердің көмегімен оны да тауып алып, зынданға тастады. Осылайша жер бетіндегі зиянды әдеттер жоқ болып, жақсылық орнап, ауруға шалдыққан бала емделіп, барлық балалар бақытты болды.
Әзілхан Нұрайым,
Арал ауданы,
№220 орта мектебі