Kyzylorda-news.kz  Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның өміріне, отбасы мен қоғамдағы орнына орасан зор зиян келтіретін қауіпті кесел. Ол адамды тәуелділікке ұрындырып, құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейді. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті.

Осы бағытта №37 мекемесінде жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында өтіп, оған мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар қатысты.

 Кездесу барысында басқарма қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты заңнама талаптарын, мұндай қылмыстар үшін көзделген жауапкершілікті, сондай-ақ есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жай-күйіне және қоғамға тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндірді. 

Сонымен қатар сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын сақтауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға үндеді. 

Іс-шара барысында жазасын өтеушілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Ашық форматта өткен кездесу қатысушылардың құқықтық сауатын арттырып, есірткі қылмысының ауыр зардаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Тағы да оқыңыз: