Kyzylorda-news.kz. Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында жыл сайынғы спорттық іс-шара өткізілді.
Футбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, 100 метрлік жүгіру, қол күрес сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа бес бөлімшенің пациенттері қатысып, жарыста өздерін лайықты көрсете білді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан үздік болып шыққан 10 спортшы белгіленіп, оларға диплом мен сыйлықтар табысталды.
Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.