Kyzylorda-news.kz.  Облыстың оқу орындарында «Есірткі-ғасыр дерті!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында «Есірткіден бас тарту нәтижесінде не аламыз», «Есірткінің біздің денемізге әсері», «Дұрыс емес жолға түскендерге көмектесу керек пе» деген сұрақтар қозғалды. Білім орындарында өткізілген дөңгелек үстелде біршама мәселелер қозғалды.

Іс-шара барысында тақырыптар бойынша қатысушылардың пікірлері айтылды, сөзжұмбақтар, блиц-сауалнамалар шешілді, танымал тұлғалардың өмірі жайлы мысалдары және есірткіге қарсы танымал өлеңдер келтірілді, бейнероликтер мен аниме көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндағы плакаттар салу арқылы нашақорлық мәселесі туралы өз көзқарастарын көрсетуге тырысты.

Ұйымдастырушы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының пікірінше, ең үздік, қызықты және креативті дөңгелек үстелді М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданының №244 орта мектебі, Жалағаш ауданының №118 орта мектебі, Жаңақорған ауданының №242 орта мектептерінде өткізілген. Іс-шара алдағы уақытта жалғасын табады.

Фото: Полиция департаменті

Тағы да оқыңыз: