Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры Конырбаева Алтынгуль Торыбаевна ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап табанды қызмет атқарып келеді.

Қызметке кіріскен алғашқы жылдардан-ақ өзін жауапкершілігі жоғары, адал әрі тәртіпті маман ретінде таныта білді.

Тергеу саласы- тиянақтылық пен төзімділікті, кәсіби біліктілік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі бағыт. Шенді ару осы талаптарды абыроймен атқарып, бірқатар қылмыстық істерді сотқа жолдап, нақты нәтижелерге қол жеткізді. Әріптестері арасында тегеурінді тергеуші ретінде танылған.

Тағы да оқыңыз: