Kyzylorda-news.kz Іс-шараға Қызылорда облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сатқанбай Сәбит Ханзадаұлы, аталмыш басқарманың жауапты мамандары және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында заңның қоғамдағы рөлі, әділеттілік пен тәртіптің негізі ретіндегі маңызы туралы сөз қозғалды. Қатысушылар құқықтық мемлекеттің басты белгілері, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, сондай-ақ заң нормаларын сақтау арқылы қоғамда тұрақтылық пен келісім орнату жайында пікір алмасты.
Сондай-ақ, мәдениетті, білімді және жауапкершілікті азаматтар – өркениетті қоғамның басты тірегі екені атап өтілді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі айтылды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам қалыптастыруда әр азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті.