Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес өкілеттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына үнемі қашықтықтан мониторинг жүргізіледі.

Қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында қызмет көрсету тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту сияқты фактілері анықталып, Департамент тарапынан тиісті ден қою шаралары қабылданып отырады.

Мәселен, мониторинг нәтижесінде ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Шиелі ауданы Жиделіарық а.о. әкімі аппаратымен азамат Е.К.-нің 24.09.2024ж. өтінімі бойынша «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (2-кезең)» мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мерзімі бұзылғаны, яғни өтінім уақытылы тіркелмей, қызмет нәтижесі ұсынылмай тұрғаны анықталды.

Осыған орай, Департамент шұғыл түрде құқықтарды қалпына келтіру бағытында шаралар қабылдай отырып, бір күннің ішінде ауылдық округ әкімдігімен тиісті жер учаскесіне құқықтар беру туралы қаулысы шығып, тұрғынның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс,1. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.

Е.Мендалиев,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі

кеңестің төрағасы.

 

Фото: ашық дереккөз

Тағы да оқыңыз: