Kyzylorda-news.kz  Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Қазалы ауданының прокуроры Дарын Әбіш қадағалау саласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сауалдарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан, біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек» – деді прокурор. Расында да, бұл аса маңызды. Осы ретте, бірігіп, ұйымдастырылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылы, жалпы, тіркелген қылмыстар 2022 жылмен салыстырғанда 10 процентке (149/134) төмендеген. Қылмыстылықтың алдын алу және алдағы кезеңдерде болдырмау мақсатында, Қазалы аудандық прокуратурамен Қазалы ауданы әкімін, ауданнан сайланған облыс, аудандық мәслихат депутаттары, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің, Қазалы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, полиция бөлімінің басшылығы мен учаскелік инспекторлары, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысуымен бірнеше рет түрлі іс-шара өткізді. Бұл шаралар аясында, уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, хаттамалық шешімдермен нақты тапсырмалар жүктеліп, онда қылмыстылықтың алдын алу мақсатында біршама іс-шараларды атқару тапсырылған. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика жұмыстарын жүзеге асыруда құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдармен 23 тармақтан тұратын бірлескен іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілген.

Нәтижесімен, орташа санаттағы қылмыс 46, онша ауыр емес қылмыс 12, оның ішінде, тонау 300, бұзақылық 33, ұрлық 35, мал ұрлығы 46, алаяқтық 8 процент, жол көлік қағидаларын бұзу 37, топпен жасалған қылмыстар 33, көшеде жасалған қылмыстар 35, масаң күйде жасаған қылмыстар 5, кәмелет жасқа толмағандармен 43 пайызға төмендеген. Дегенмен, жекелеген қылмыс түрлері өсім алған. Жекелеген қылмыс түрлерінің өсім алуына бір азаматтың бірнеше рет қылмыстарды қайталауы себеп болған. Өздеріңізге белгілі, Қазалы ауданында қылмыстың алдын алу бойынша және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру бағытында, Қазалы аудандық прокуратурасының бастамасымен WhatsApp жүйесінде, «Профилактика Қазалы» арнайы чаты ашылып, оған Қазалы ауданының әкімі, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары енгізіліп, күнделікті Қазалы ауданы әкімдігінің бөлім басшыларымен кезекшілік ұйымдастырылған.

Былтыр есепті мерзімде 15 845 азаматтың құқығы қорғалды, оның ішінде, конституциялық құқықтар – 35. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 20 миллион теңге қайтарылып, Қазалы аудандық прокуратурасының ақпараттық есепке алу кітабына екі құжат тіркелсе, сотқа  дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне екі қылмыстық іс тіркелген. Атап айтқанда, жүргізілген тексеру барысында 238 және 259 орта мектептердің есепшілері 4,4 миллион теңгені өздерінің есеп шоттарына аударып алғандығы анықталды. Орын алған заң бұзушылықтың негізінде, аталған мектептің есепшілері Қазалы ауданы сотының 02.11.2023 жылы және 16.11.2023 жылы үкімдерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға есепші қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, аталған қылмыстық іс бойынша барлығы 4,4 миллион теңге қаражат Қазалы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде мемлекет пайдасына толық өндірілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ағымдағы жылы Қазалы аудандық прокуратурамен 13 қадағалау актісі (3 ұсыну, 10 наразылық) енгізіліп, нәтижесімен 10 әкімшілік қаулының күші жойылып, 405 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Қаржы өндіру бойынша, мемлекет бюджетіне 20 011 388 теңге өндірілді. Нақты айтқанда, Қазалы ауданы прокуратурасымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесімен 92 миллион теңге қаражатты мемлекет пайдасына уақытылы қайтармай, келісім талаптарын бұзған 202 тұлға анықталып, бүгінгі күні 16 миллион теңге қаражат мемлекет пайдасына өндірілген.

Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша, «Қазалы-Су Сервис» ШЖҚ МК тарапынан қызметкерлерге 2023 жылдың қаңтар айының жалақысы төленбегендігі анықталып, нәтижесімен 35 қызметкердің 3 512 903 теңге жалақыларының берілуін қамтамасыз етіліп, конституциялық құқықтары қорғалған.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың (білім алушылардың) сабақ режимдерін белгілейтін заңнамалардың сақталуына талдау жүргізіліп, 27 мектепте білім алып жатқан 15 312 оқушының бұзылған құқықтары қайта қалпына келтірілді. Жайылымдық және кәсіпкерлік жер учаскелері бойынша талдау жүргізіліп нәтижесімен, прокурорлық қадағалау актісінің негізінде құны 1 200 000 теңге болатын 600 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарға талдау жүргізіліп, нәтижесімен 1 қылмыстық, 18 әкімшілік іс қозғалып, Қазалы аудандық прокуратураның ықпалымен 3 борышкер жұмысқа орналастырылды. Талдау қорытындысымен 3 қадағалау актісі енгізіліп, 5 сот орындаушы тәртіптік жазаға тартылып, мемлекет пайдасына 8,1 миллион теңге өндірілген. Мысалы, Әйтеке би кентінің тұрғыны, табыс тауып борышкер бола тұра, кәмелетке толмаған қызын күтіп бағу үшін мүлде алимент төлемей, сот шешімін қасақана орындамаған. Орын алған дерек бойынша 23.01.2023 жылы борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, Қазалы ауданы сотының 10.03.2023 жылдың үкімімен борышкер аталған баппен кінәлі деп танылып, оған қатысты бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне 67 әлеуметтік, оның ішінде, 15 медициналық, 25 психологиялық, 12 құқықтық көмек және 15 жұмыспен қамту көмегі көрсетілген. Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ай сайын пробация қызметіндегі жұмыссыз сотталғандарды қатыстыра отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 4 рет өткізілген. Нәтижесінде, 3-сотталған «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде оқытылып, оның ішінде, жартылай фабрикат кондитерлік өнімдер жасап, жеке кәсібімен айналысу, мал шаруашылығын дамыту бойынша әр қайсысына 1 миллион 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілген. 

Фото: https://dynasty.kz/prokuratura-v-ugolovnom-proczesse/

Тағы да оқыңыз: