Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында 20 қазан мен 19 қараша аралығында өткізілуде жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғатты қорғау, сондай-ақ заңсыз аңшылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Шара барысында полиция қызметкерлері аңшылықпен айналысатын азаматтардың атыс қарулары мен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріп, құқықбұзушылықтардың жолын кесуге басымдық берді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жүргізген жұмыстар нәтижесінде:
- 3 қылмыстық іс қозғалды,  
- 105 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды,  
- 12 дана қару заңсыз айналымнан тәркіленді.  

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, заңға сәйкес шаралар қабылдануда.

Полиция департаменті тұрғындарды аңшылық және қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Табиғатты қорғау – әр азаматтың борышы.

Тағы да оқыңыз: