Оқиғаның мән-жайы анықталуда және қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаз көз жұмды, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтенантый 17:10 шамасында ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан тапаншаның оғы қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.
Сарбаз жедел ауруханаға жеткізіліп, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаздың өліміне себеп: қаруды дұрыс пайдаланбаған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда және қылмыстық іс қозғалды.
Фото: kyn.kz