Kyzylorda-news.kz.  Балалар қауіпсіздігі – аса маңызды мәселе. Әсіресе, жаз айларында орталық алаң мен саябақтарда серуендеп­ жүрген жасөспірімдерді жиі кезік­тіресіз. Заң жүзінде кәмелетке тол­маған балалардың түнгі уақытта бей-берекет жүріп-тұруына болмайды. Бұл – ең алдымен жеке бастың қауіпсіздігі. Осы орайда, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімінің мамандарымен бірлесіп түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік іс-шараға жастар ресурстық орталық кеңесшісі Р.Ыдырысов, Сырдария АПб-нің ЖПҚб-нің ППт-нің инспекторы полиция аға лейтенанты О.Доспанов пен полиция капитаны Е.Бекмағанбетов қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын-жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын орындарды аралады. Жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейінгі мезгілде ойын-сауық орындарында болуы айыппұлға әкеп соғатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер жасалды. Әрбір ата-ана баласының түнгі уақытта қайда жүргенін біліп, көшеде беймезгіл уақытта жүрмеуін қадағалап отыруы тиіс.

Тағы да оқыңыз: