Kyzylorda-news.kz Наурыз мейрамының 10 күндігі аясында облыс соттарының арасында өткізілген бейнероликтер байқауы қорытындыланды. Байқауға атсалысқан сот әкімшілерінің басшылары мен мамандарға департамент басшысы С.Сүлеймен алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Ұтымды көрініс» номинациясымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот, «Ұйымшыл ұжым» номинациясымен тергеу соты, №2 сот және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот, «Ұтқыр идея» номинациясымен Қазалы аудандық соты марапатталды. 

Байқоңыр қалалық соты ІІІ орын,  Арал аудандық соты ІІ орын, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы соттары І орын иеленсе, Қызылорда қалалық және мамандандырылған экономикалық соты бас жүлдені жеңіп алды.  

Жеңімпаздардың барлығына Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Судьялар Одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің он күндігі бойынша өткізілген бейнероликтер байқауына белсене қатысқаны үшін судьялар мен сот қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
 

Тағы да оқыңыз: