Kyzylorda-news.kz   Астанада блогер мүгедектігі бар балалар туралы даулы видеосы үшін ұсталды. Әлеуметтік желілерде ата-аналардың қатты наразылығын туғызған бұл видеода блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" деген мазмұндағы пікір білдірген.

Осы жағдайға байланысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің айтқан сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне ресми түрде жүгінген.

Астана Полиция департаменті блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: